Казақстан Республикасы мемлекеттік кызметшiлерінің ар-намыс кодексi
Казақстан Республикасы мемлекеттік кызметшiлерінің ар-намыс кодексi
(Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының кағидалары)
1.Жалпы ережелер
- Мемлекеттiк қызмет аткару коғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттік қызметкелердің моральдық— этикалык бейнесiне жоғары талаптар кояды. Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзінiң барлык күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны-Қазақстан Реслубликасына адал да калтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.
- Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қыметшiлер қызмет этикасының кағидалары) (бұдан әрi- Кодекс) «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы кабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Казакстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.
- Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда орталық атқарушы органдарың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетiлген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда- орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында баршаға көрінетiндей жерлерде орналастыруды камтамасыз етедi.
- Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк қызметке тұрғаннан кейін бір ай
iшiнде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиiс.
2. Мемлекеттiк қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары
Мемлекеттiк қызметшiлер:
- Казахстан Республикасы Президентiнің саясатын жақтауга және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға, өзiнің iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсiруге ықпал ететiн iс- әрекеттер жасауга жол бермеуге;
- заңдылық кағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның заңдары мен езге де нормативтiк құқықтық актілерiнің талаптарын басшылыққа алуға;
- коғам мен мемлекеттiк игiлiгiне қызмет етуге;
- мемлекеттің мүддесiне залалын тигiзетiн, мемлекеттік органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiне бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
- сеніп тапсырылған мемлекеттiк мүлiкке ұқыпты карап, оны ұтымды әрі тиiмдi пайдалануға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен корғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн карау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойьшша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;
- мемлекеттiк қызметке және мемлекет институттарына коғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;
- өзiнiң iс-әрекеттерiмен коғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелердi кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
- адал әдiл, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы кабылданган моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
- Казахстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Казақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне кұрметпен карауға;
- мемлекеттiк және еңбек тәртiбін бұлжытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, туралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға;
- жоғары кәсiби жұмыс үшін қажеттi күш-жігерiн салуга, койылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы да үнемдi әдiстерiн қолдануга;
- мемлекеттiк қызметшiлердiң міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге карсы тұруға;
# кадрларды туыскандық, жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша ірiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
- бағынысты қызметрледiң мідеттерi мен қызметтік
өкілеттіктерінің көлемiн дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкімдер
бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
- бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк фактiлеріне жол бермеуге;
- бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен уйлеспейтін iс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге;
# кәсiби дайындықтың, оның iшінде орындалуы бағынысты қызметкерлердiң функционалдық мiндеттерiне жатқызылған мәселелер бойынша, қажеттi деңгейiне ие болуға;
- басқа мемлекеттiк қызметшiлердiң тарапынап қызметтiк этика нормаларын 6ұзу фактiлерiн болдырмауға және жолын кесуге;
- өзiнің қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңінде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстануға тиiс.
# Мемлекеттiк қызметшiлер iскерлiк этикеттi сақтауға, ресми мiнез- құлық қағидаларын кұрметтеуге тиiс.
- Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және оны мен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасысын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс. Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттiк кызметшілер бағынысты қызметкерлердi коғамдық және дiни бірлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
3. Мемлекеттік қызметшiлердi сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқы
- Мемлекеттік қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұжымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әреккеттерге жол бермеуi тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан болатын сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылық фактілерiнің жолын кесуі тиiс
- Егер мемлекеттiк қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйектi ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнiнде қажеттi шаралар колдануы тиiс. Қажеттi шараларға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттiк орган басшылығын хабардар ету жатады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейiн мемлекеттiк органның басшылығы олар бойынша, оның iшiнде, егер оның iс-әрекетерiнде мемлекеттiк кызметшiнiң қызметін одан әрi жалғастыруға терiс ықпал ететін заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттiк қызметшiнi заңсыз қудалаудан, оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдайды.
- Мемлекеттiк қызметшiлер өз iс-әрекеттерiмен және шешiмдерiмен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруды қиындататын әкiмiшiлiк және өзге де кедергiлерге жол бермеулерi тиiс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттiк қызметшiлер оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тиiстi.
- Мемлекеттік қызметшiлер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкiндiктердi пайдалануы, жеке мүдделерiне және үшiншi тұлғалардың мүдделерiне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуi тиiс.
# Мемлекеттiк қызметшiлер жеке мүлiктiк және мүліктiк емес пайдалар алу үшiн өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерін және онымен байланысты мүмкіндiктердi колданбауға тиiс.
- Мемлекеттік қызметiшiлер мүдделер қақтығысын болғызбау үшiн шаралар колдануы тиiс.
- Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттiк қызметшінің жеке басыньң мүдделiлiгi және оның өз лауазымдық өкілеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiк заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян тигiзетiндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттiк қызметшi оның жолын кесу және реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға мiндеттi.
4. Көпшілiк алдында сөйлеу
- Мемлекеттiк орган қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлесудi оның басшысы немесе мемлекеттiк органның бұған уәкiлеттiк берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Мемлекеттiк кызметшiлер мемлекеттiк кызметтiң беделiне нұқсан келтірмей, пiкiрсайысты әдептi түрде жүргiзуi тиiс.
- Мемлекеттік қызметшiлер мемлекеттік саясат және кызметтiк iсiнiң мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
- мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
- жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
- мемлекеттiк лауазымды тұлғаларының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердiң атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.
- Мемлекеттiк саясатты жүргiзумен, мемлекеттiк органның және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiмен байнанысты емес мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органның атынан
жариялымдарына жол берiлмейді. Педагогикалық, ғылыми және езге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік
қызметшi жеке тұлға ретiнде тек өз атынан жүзеге асырады.
- Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық жасаған, оның ішінде кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан, бiреулердің мүдделерiн қолдаған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiнің табысымен сәйкеспейтiн заңсыз табыс пен мүлiк алған деп негiзсiз көпшiлік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бiр ай мерзім iшiнде оны терiске шығару, оның iшінде сот арқылы терiске шығару жөнінде шаралар кабылдауы тиiс.
5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы
- Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта жалпы кабылданған этикалық нормаларды ұсталулары, коғамға жат мiнез-кұлық жағдайларына жол бермеуi тиiс.
- Мемлекеттiк қызметшiлер карапайымдылық танытуға, көлік, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық жағдайьн баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзiнiң iс- әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбауга тиiс.