Жолтаев Ардак Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары

Жолтаев А. 1974 жылы Балқаш ауданы Жиделі ауылында өмірге келген.

Білімі жоғары, 1997 жылы Алматы теміржол инженерлері институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2009 жылы экономика және құқық Академиясын заңтану мамандығы бойынша бітірген.

1997 – 2007 жылдары Ұзынағаш автокөлік кәсіпорнының техникалық тексерушісі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, аудандық бөлімдердің бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2007-2009 жылдары Қарасай, Жамбыл ауданы әкімдерінің көмекшісі, 2010 жылдан Мыңбаев селолық округінің әкімі, 2010 -2011 жылдары «Жамбыл су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы болды.

2011 жылдан бері Алматы облысы әкімі аппаратының әкімшілік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Жамбыл ауданының әкімінің өкімімен 2012 жылдың сәуірінде Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.




Чажабаев Жұмабек Тоқаұлы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары

Чажабаев Ж.Т. 1954 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылында өмірге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы Алматы зоотехникалық- малдәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша, 1991 жылы Ташкент политология және басқару институтын политолог мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1971 -1972 жылдары «Беріктас» совхозында мұнай базасының жағармай құюшысы болып бастаған.

1979-1986 жылдары Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің жетекші маманы, «Беріктас» совхозының бас зоотехнигі, 1986- 1989 жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылы Жамбыл аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің жауапты ұйымдастырушысы, 1991-1994 жылдары Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, өндірістік бөлімінің бастығы, 1994-1997 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 1997- 1998 жылдары Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1998- 2006 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болды.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қарғалы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.




Бархинова Ұлтусын Амангелдіқызы Жамбыл аудан әкімінің орынбасары

Бархинова Ұ.А. 1956 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында өмірге келген. Білімі жоғары, Алматы шет тілдер педагогикалық институтын 1981 жылы ағылшын пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Алматы қаласының электротехникалық зауытының тәбілшісі болып бастаған. 1974-1975 жылдары Алматы бас киім фабрикасының тігінші оқушысы, 1978-1981 жылдары Күрті ауданындағы Айдарлы орта мектебінің интернат тәрбиешісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болды. 1981-1988 жылдары Қаскелең ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі, 1988-1992 жылдары Титов атындағы орта мектептің мұғалімі, 1992-2000 жылдары Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің директоры, 2000-2003 жылдары Каменка ауылдық округі әкімі аппаратының іс басқарушысы, 2003-2005 жылдары Бірінші май ауылдық округінің әкімі, 2005 жылдан бері Қарасай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.

Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.




Руководитель аппарата акима района Молдабаев Айдос Бейсенұлы

Руководитель аппарата акима района Молдабаев Айдос Бейсенұлы | Аппарат Акима Жамбылского района
Родился 5 июня 1976 года, в селе Карасу Жамбылского района Алматинской области. Национальность-казах.

В 1993 году поступил в Алматинский государственный университет имени Абая по специальности “Международные отношения”, по окончанию института получил образования “Cпециалист по международным отношениям, референт”.

2005 годы главный специалист Узынагашского сельского округа.

2009-2011 годы Аким Карасуского сельского округа.

С 2011 года 18 марта Руководитель аппарата акима Жамбылского района.


 

Последние новости

Май 10, 2012  (0 комметариев)
Май 10, 2012  (0 комметариев)
Фев 22, 2012 Уважамые граждане!  (0 комметариев)
Фев 21, 2012 Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима  (0 комметариев)
Фев 10, 2012 Құрметті азаматтар!  (0 комметариев)